Кездесу кезінде Дипломатия институтының директоры, саяси ғылымдар кандидаты Мәриям Әбішева мен мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің доценті, PHD докторы Нұрлан Нұралиев мемлекеттік қызметшілерінің сауалдарына жауап берді.

- Құжаттарды тапсырудың алғашқы және негізгі әдісі Аккадемияның сайты арқылы онлайн түрде жүзеге асырылады, – деді Мәриям Әбішева. - Яғни, Академияның сайтында https://www.apa.kz/kz/ тіркелген соң, Сіздер өзіңіз қалаған магистратура немесе докторантура мамандығына құжат тапсыра аласыздар. Оқуға түсудің басты шарттарының бірі шет ел тілін меңгеру болып табылады.

Ағымдағы жылы, магистратура және докторантура мамандықтарына 120 грант бөлінді. Оқытуды біліктілігі жоғары профессорлық-оқытушылық құрам жүргізеді. Олардың ішінде жоғары лауазымдарда қызмет ететін мемлекеттік қызметшілер сабақ береді.

Павлодар облысының кейбір мемлекеттік қызметшілері Мемлекеттік басқару академиясында білім алып, магистр дәрежесіне ие болды. Павлодар қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Ольга Загурская 2009 жылы Академияны «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады. Дипломға ие болған маман лауазымдық саты бойынша жоғарылап, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бөлім басшысы қызметіне тұрды.

- Академияда оқу үрдісі, қоғамдық іс-шаралар, оқытушылар, қысқасын айтқанда, бәрі де ұнады, – дейді Ольга Загурская. – Мемлекеттік басқару академиясы менің өмірлік көзқарасыма қатты әсер етті. Мен өзімнің кәсіби қызметіме маңызды әсер ететін білім мен тәжірибе жинақтадым.

pavlodarnews.kz

Тэги: біліктілікті арттыру, мемлекеттік басқару, академия