Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Сендер қалалар мен ауылдарға барып, халықты өз таңдауын жасауға үгіттеулерің керек. Оларды саясаткерлерге құлақ асуға, берген уәделерінің қаншалықты ақылға қонымды екеніне мұқият мән беруге шақыруларың керек», - деп мәлімдеді Грузия президенті.

Мемлекет басшысы әкімшілігінің мәліметтеріне сәйкес жоба бойынша Грузияда 8 жазғы мектеп ашылады. Науқанның басты мақсаты ел азаматтарын, әсіресе жастарды сайлауға қатыстыру. Және бұл науқан ешқандай саяси партияны жақтамайды.

«Бәрінен де маңыздысы сол, сендер халықты белгілі бір партия жетекшісіне дауыс беріңіздер деп қинамайсыңдар. Жалғыз ғана атқаратын шаруа - 2016 жылы 8 қазанда сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасауға көндірулерің керек», - деп толықтырды Г.Маргвелашвили.

«Сенің дауысың - біздің болашағымыз» жобасы ел президентінің бастамасымен пайда болды. Науқан аясында жазғы мектептерде байланыс, қарым-қатынас, көшбасшылық  және сайлау өткізу мәселелері жайлы дәрістер мен тренингтер өтеді. 

pavlodarnews.kz