Нұр-Сұлтан қаласындағы Vll халықаралық «Самғау» фестиваліне қатысушы Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры басшысы Арман Темірбек және көркемдік жетекші Ерлік Жуасбекпен арнайы сұхбаттасты.

- Сіздердің жетістіктеріңіз бәрімізге аян. 30 жылдық мерейтойларыңызбен құттықтай отырып, театрдың алдағы уақытта алар шыңы әлі алда деп сенетінімізді жеткізгім келеді. Барша ұжымға шығармашылық табыс  тілей отырып, министр Арыстанбек Мұхамедиұлының ерекше ықыласын қабыл алыңыздар, - деді вице-министр Елдос Мұратұлы.

Маусым айының 15-і жұлдызында Vll халықаралық «Самғау» фестивалінде бақ сынайтын ұжым Ертіс-Баян өңірі атынан К.Гольдонидің «Венециялық егіздер» /реж.:Б.Шамбетов/ комедиясымен қатыспақ.

- Барлық театр ұжымы атынан сіздердің осындай жылы қабылдауларыңыз бен ерекше ықыластарыңызға алғысымызды білдіремін. Сіздердің демеулеріңіз бен қолдауларыңыздың арқасында театр көптеген байқаулар мен фестивальдерге қатысып жоғары орындардан көрініп келеді. Тәуелсіз еліміздің қарыштап дамуында өнер, мәдениет саласының орны ерек. Бәріміз де бір саланың адамдары болғандықтан қолдап, ерекше ықылас  танытқандарыңызға тағы да алғыс айта отырып жұмыстарыңызға табыс тілеймін, - деді Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры директоры Арман Темірбек.

pavlodarnews.kz

Тэги: мәдениет