Бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, күндіз дауыл тұруы, бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді. Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі мүмкін. Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Ақтөбе, Қостанай, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

pavlodarnews.kz

Тэги: