Биыл жетінші мәрте өткізілген дәстүрлі турнир Қазақстан журналистер одағының мүшесі Сәлімбай Ермұратовтың 70 жылдығына арналды. Облыстық «Халық радиосы» ұйымдастырған жарысқа өңіріміздің 20 шақты журналистері қатысты.

Нәтижесінде ерлер арасында «Ертіс Медиа» ЖШС қызметкері Ерсайын Ертісбаев чемпион атанды. Екінші орынды Ertis телеарнасының тілшісі Есенбек Санатұлы қанағат тұтса, үшінші орын «Найзатас» журналының редакторы Асыл Әбіштің еншісіне бұйырды.

Қыздар арасында Ertis телеарнасының тілшісі Марина Сахарова ешкімге дес бермей, жарыстың бас жүлдесін ұтып алды. «Ақсу жолы» газетінің тілшісі Ақмарал Ерманат екінші орынды місе тұтса, үшінші орында «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Мереке Амантай жайғасты.

- Былтырғы турнирдің финалында Есенбек Санатұлына есе жіберген едім. Биыл тартысты ойында қарымта қайтарып, жеңіске жеттім. Турнирді ұйымдастырған «Халық радиосына» және әділ ойын көрсеткен барлық әріптестеріме алғысымды айтамын, - деді турнир жеңімпазы Ерсайын Ертісбаев.

Айбек Жұматов

Фото: Бекболат Сауырбай

pavlodarnews.kz

Тэги: Сәлімбай Ермұратов, үстел теннисі, спорт, БАҚ