Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Сағат 11.43-те № 21 ӨБ-ден 40 шақырым қашықтықта Абай көшесі, 24 мекенжайы бойынша ашық аумақта толығымен Audi 80 көлігі өртенді. Қызыл жалын 4 шаршы метрді шарпыды. Өртті жеке құрамнан төрт адам мен бір автоцистерна сағат 12.20-да сөндірді, - дейді департаментте.

Тереңкөл ауданында №23 өрт сөндіру бөлімінен 20 шақырым қашықтықтағы Песчаное ауылында тұрғын үйдің ауласында жазғы қамыс ас үйдің 30 шаршы метр аумағында төбенің ағаш құрылымдары мен қабырғалары, ішіндегі заттар мен жиһаз жанған. Сондай-ақ, жаспарлас салынған моншаның төрт шаршы метрінде ағаш құрылымдар өртенген. Оқиға орнында № 23 ӨБ-ден 2 адам мен бір автоцистерна жұмыс істеді.

Алдын ала болжам бойынша, екі жағдайда да өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: aktau.life

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам