Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жалған аккаунтта косметиканың түр-түрінің жарқыраған суреттері мен жеңілдіктер туралы ақпаратты жариялау арқылы бойжеткен киви-әмиян арқылы алдымен ақша төлеуді талап етіп отырған.

Алаяқтың бұл қулығына 25 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының бойжеткені ілініп, 250 мың теңгесін айырылып қалып отыр. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жеңілдіктер мен арзан бағалар жазылатын аккаунттар интернетте қолданушылардың назарын өзіне бірден аударады. Көп жағдайда адамдар тауарын алмай жатып, алдын ала ақшасын төлеп қояды.

Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары сақтанудың қарапайым шараларын ұстануға шақырады:
- тауардың барына көз жеткізіп алу;
- сатушымен сауда барысын видеобайланыс арқылы талқылау;
- тауарды алғаннан кейін ғана ақшасын беру.

Интернеттегі алаяқтардың арбауына түсіп қалсаңыз, полицияның 71-67-10, 71-66-10, 71-65-58 немесе 102 нөміріне хабарласуға болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: