Алматыда өткен білім додасына еліміздің әртүрлі аймақтарынан 6-7 сынып оқушылары қатысты. 

- Аталған олимпиаданың өңірлік деңгейінен сүрінбей өткен №8 мектеп оқушылары республикалық сынға қатысу құқығына ие болды, - дейді мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Ирина Макаренко. – Команда құрамына енген 12 оқушы жүлделі орындар және грамоталармен марапатталды. Владимир Роговский олимпиадада жалғыз болып тапсырманы толығымен орындап, абсолютті көрсеткішке қол жеткізді.

Одан бөлек, алтыншы сынып оқушылары Анастасия Одинцова мен Алина Мочалова, сәйкесінше, екінші мен үшінші орындарды ұтып алды. 7-сынып оқушылары арасында Тимофей Хачунский мен Дарья Носова үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ, жеті павлодарлық оқушы олимпиаданың мақтау қағаздарын иеленді.

Олимпиада аяқталғаннан кейін математикадан №8 мектеп құрамасы Алматының «Әл-Фараби» олимпиадалық мектебінде оқу-жаттығу жиынына қатысуда.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: білім беру, Смағұлов атындағы олимпиада, №8 мектеп