Мемлекет басшысы ұсынған Өңір басшысының кандидатурасын облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады.

Жарлыққа сәйкес, Болат Бақауов 2016 жылдың 25 наурызынан бастап атқарып келген лауазымын сақтайды. Болат Бақауов әр жылдары Качир (қазіргі кезде Тереңкөл) ауданының әкімі, Ақсу және Павлодар қалаларының әкімі болып қызмет істеді. Кейін Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.

Фото: Валерий Бугаев, скриншот akorda.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: тағайындаулар, Болат Бақауов, Президент, облыс әкімі