Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Рейдтер кезінде полицейлер түнде BMW маркалы көлікті жүргізген 22 жасар қала тұрғынын тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде тәртіп сақшылары жүргізушінің мас болғанына күдіктеніп, артынша бұл медициналық сараптама кезінде дәлелденді. Атап өтерлік жайт, 2018 жылы жас жігіт мас күйінде жүргізгені үшін үш жылға жүргізуші құқықтарынан айырылған болатын, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Екібастұзда ВАЗ 2107 автокөлігін айдап бара жатқан 31 жасар азамат дәл осы құқық бұзушылық үшін 2017 жылы жүргізуші құқықтарынан айырылған анықталды.

- Ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде. Автокөліктер айып тұрағына тұрғызылды. Полицейлер көлікті мас күйінде жүргізген азаматтарды көргенде дереу 102 телефонына хабарласуды өтінеді, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, биыл облыс тас жолдарында машиналарды мас күйінде жүргізген 700 азамат ұсталды.

Арслан Ғалымбек

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: алкоголь, мас жүргізуші, полиция