Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және «Күйшілер альянсы» аудандық жобасы аясында ұйымдастырылған байқау ережеге сай бір кезеңнен тұрды.

- Бағдарлама бойынша әр қатысушы үш күйден орындады, - дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Аманжол Еренұлы. - Рүстембек Омаровтың авторлық «Жастық шақ» күйі міндетті түрде, Рүстембек Омаровтың репертуарынан екі күй орындау керек болды. Оның ішінде Құрманғазы, Дина, Қазанғап, Тәттімбет және тағы басқа атақты күйшілердің туындылар бар. Байқауда жалпы 12 қатысушы күй орындаушылық өнерлерін ортаға салды. Ахмет Жұбанов бейнелегендей Рүстембек Омаров домбыраның академигі, саусағынан бал тамған күйші болған. Сондықтан бұл шара дарынды талант иесі Рүстембек Омаровтың шығармашылығын кеңінен насихаттап, болашақ жас ұрпаққа үлгі ету, жастарды күй өнеріне баулып, өнерлі жастарды халыққа таныту мақсатында өтті.

Байқаудың қорытындысы бойынша 1-орынды Павлодар қаласынан Нұрман Сайлауов, 2-орынды Арман Исадилов, Назира Омар, 3-орынды Дастан Сайлаубаев, Әдина Байқошқарова иеленді. Рүстембек Омаров атындағы арнайы номинация Павлодар ауданынан келген Саясат Аманболға бұйырған. Барлық қатысушылар алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Өнер мектебі  ұйымдастырған күйшінің өмірлік жолына арналған архивтік фото-шығармашылық көрмеде туған жері Шарбақты ауылының дайындаған «Қолына ұстаған қасиетті домбыра» кітап инсталляциясы және аудандық мәдениет үйінің шебер суретшісі Дулат Веньяминұлының арнайы салған «Рүстембек Омаровтың күйшілік бейнесі» атты сурет жұртышылық назарына ұсынылды.

Фото: Аманжол Еренұлы

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, мәдениет