Жаңа жеке үйлердің құрылысына кезінде ЖТҚ үшін кезекте тұрған тұрғындарға бергенімен, үй салмаған жер учаскелері ұсынылды.

Биылғы жылдың қазан айында көп балалы отбасыларға 56 пәтер тапсырылады.

- Тұрғын үйлерге барлық коммуникациялар: жылу, электр, су және кәріз тартылады, - деп атап өтті Ақсу әкімі Балғабай Ибраев. - Бұл тұрғын үй үшін жалдау ақысы 2,5-5 мың теңгеге дейін болады. Айта кету керек, осы шағын ауданда 70-ке жуық жеке тұрғын үй құрылысы жалғасуда. Олардың 30-ы өз үйлерінің құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтайды.

Жеке тұрғын үй құрылысы шағын ауданын абаттандыру үшін қалалық билік осы жерде жолдар салғысы келеді. Алайда, көшелерді абаттандыру жергілікті бюджет үшін қымбат, сондықтан қала басшысы Ақсу қаласына жұмыс сапарымен келген облыс әкімінен көмек сұрады.

- Биылғы жылы біз ешкімге үміт арта алмаймыз, бірақ келесі жылы бұл мәселені міндетті түрде қарастырамыз, - деді Болат Бақауов. - Ақсу қаласында жеке тұрғын үй құрылысын жалғастырып, шағын және орта бизнесті дамыту үшін бұл  жұмысқа шағын компаниялар мен фирмаларды тарту қажет.

Сондай-ақ, өңір басшысы ЖТҚ ауданында рекреациялық аймақты абаттандыруды тапсырды.

Томирис Бекжан

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам