24 жастағы Сыздықова қола медаль үшін таласта 27 жастағы мысырлық Энас Мостафамен белдесті. Бірінші кезеңде қазақ қызы төрт ұпай, ал қарсыласы бір ғана ұпай жинады. Екінші кезең 3:3 есебімен аяқталды. Белдесудің қорытынды есебі 7:4 болып, отандасымыз қола медальді қанжығасына байлады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, осыған дейін тағы бір қазақстандық спорты Жұлдыз Әшімова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін таласта қытайлық Сунь Янаннан жеңіліп қалған болатын.

Осылайша қарағандылық Эльмира Сыздықова Қазақстан қоржынына 12-ші медальді салып отыр.

pavlodarnews.kz