Бұл тралы  ҚазАқпарат  «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінің кей жерлерінде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Шығыстың кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады. Қазақстаның батысында және онтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Түнде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, дауыл тұрады. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы, күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Жел екпіні - 15-20 м/с. Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарында күн ысиды, кей жерлерде - аптап ыстық. Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз аптап сақталады. Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, , Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

pavlodarnews.kz

Тэги: