Бұл жөнінде РФ Көлік министрлігінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Көлік министрлігінің сайтында жазылғандай, әуе қатынасының тоқтауына тиісті әуе қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі және «Әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі мемкорпорация» ФМУК алдындағы аэронавигациялық қызмет үшін қарыздың қордалануы себеп болған. Грузияның аэронавигациялық қызмет үшін қарызының жалпы сомасы - $793 мың шамасында. Тағы 592,2 мың рубль 2008 жылдан бері төленбеген.

«Бұл тыйым «Georgian Airways және MyWay Airlines компаниялары әуе қауіпсіздігі бағдарламасын, аудитын ұсынып, Ресей тарапы келісім бергенге дейін созылады. Сондай-ақ, Грузия тарапы аэронавигациялық қызмет көрсетуге қарызын толық төлеуі тиіс», - делінген хабарламада. Сонымен бірге, Көлік министрлігі РФ әуе билігінің грузиндік әріптестеріне консультация өткізуге дайын екенін де мәлім етті. Естеріңізге сала кетейік, жұма күні РФ Президенті Владимир Путин жұма күні Грузияға жолаушы тасымалдайтын әуе қатынасына уақытша тыйым салатын Жарлыққа қол қойған болатын. Тыйым 8 шілдеден бастап күшіне енеді.

Еске саламыз, 20 маусым, бейсенбі күні Тбилисиде жаппай наразылық шарасы басталды. Көтерілісшілер Ресей делегациясының Православие парламентаралық Бас ассамблеясына қатысуына наразылық білдірген. Делегацияны басқарушы және АСМ басшысы РФ мемлекеттік думасының депутаты Сергей Гавриловтың сессия кезінде Грузия парламенті спикерінің креслосына отырып, жиналғандарға орыс тілінде сөйлегені оппозицияның наразылығын тудырған.

Грузияның оппозициялық депутаттары мұны қорлау деп бағалап, Бас ассамблеяның жұмысын тоқтатты. Шерушілер Грузия ІІМ басшысы Георгий Гахария мен спикер Ираклий Кобахидзенің отставкаға кетуін, сондай-ақ кезектен тыс парламент сайлауы өткізілуін талап етіп, парламент ғимаратына бірнеше рет шабуыл жасаған. Тбилиси полициясы Грузия парламентінің алдына жиналған көтерілісшілерді тарату үшін резеңке оқ пен көзді жасаурататын газ қолданды. Грузиялық БАҚ өкілдері бірнеше адамның ауыр жарақат алғанын хабарлады. Грузия денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, барлығы 52 адам зардап шеккен, оның 38-і - полиция қызметкерлері.

pavlodarnews.kz

Тэги: