-  Біздің өнертапқыштар 4 авиа, 2 кеме және 1 авто үлгісін көрсетті, - дейді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова. - Жарыстың қорытындысы бойынша Павлодар қаласының техникалық мектебінің тәрбиеленушілері 3 жүлделі орынға ие болды. Авиа үлгісі класында «Кордовый полукопия, контурды үлгі» бойынша I орынға Леонид Троян ие болды. Леонид 6 жыл авиа үлгісін жасау үйірмесіне және республикалық жарыстарға қатысып 10-нан астам медаль иегері атанған.

Авиа үлгісі үйірмесіне 3 жыл бойы қатысып жүрген Лев Забудский осымен 2-жыл республикалық жарыстарда «Планер F-1-A» класында II орынға ие болып отыр.

Команданың ең жас қатысушысы Нұрәлі Сәкен үйірмедегі 2 жылда «Планер F-5-J» авиа үлгісі класында III орынға ие болды және өткен жылы Алматы қаласында IХ республикалық спартакиадада «Планер F-I-H» авиа үлгісі класында I орынды жеңіп алған.

Авиа үлгілер командасының тренері - авиа үлгісі үйірмесінің жетекшісі, спорт шебері, авиа үлгісінің спорты бойынша ҚР ұлттық төрешісі Сергей Соц.   Жарысқа Қазақстанның барлық облыстары мен қалаларының командалары қатысты.

 

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім