Осылайша қазақ боксшысы екі дүркін Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Бұл Олимпиада тарихындағы қатарынан екі рет финалға шыққан екінші боксшымыз. Осыған дейін Болат Жұмаділов екі бірдей Олимпиаданың финалына шығып, екі мәрте күміс жүлдегер атанған болатын, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі. 

Міне, бүгін Әділбек сол ағасының ерлігін қайталады.  

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Василий Левит Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанса, кеше Данияр Елеусінов 69 келі салмақта Олимпиада чемпионы атанды.Енді боксшыларымыздан бір ғана боксшы жарыс жолында қалды. Ол - аса ауыр салмақтағы Иван Дычко. Бұйырса, Олимпиада ойындарының соңғы күні ол да қоржынымызға медаль сыйлайды деген үміттеміз. 

pavlodarnews.kz