Ол осыған дейін, жартылай финалда Ресейдің 2010- 2011 жылдардағы бірнеше мәрте чемпионы Екатерина Буркинаға қарсы күресте нағыз спорттық сенсация жасаған еді, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

Ұпай жағынан ұтыла тұрса да, Г.Манюра жекпе-жекті өз пайдасына таза жеңіспен аяқтаған. Айқастың соңына дейін 8 секунд қалғанда қазақстандық балуан ресейлік қарсыласын шалқасынан сұлатып салды.

Бұдан бұрын Олимпиаданың алғашқы белдесуінде ол Еуропа чемпионы, венгрлік Жанетт Неметті 12.2 есебімен ұтып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.

Ал осыдан шамалы уақыт бұрын 63 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Екатерина Ларионова қола жүлде үшін тартыста АҚШ спортшысы Елена Пирожкованы жеңіп, Қазақстан қоржынына жетінші қола медальді салған еді. Ал кеше алтыншы қола медальды тағы бір балуан қызымыз Элмира Сыздықова жеңіп алған болатын.

pavlodarnews.kz