Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Жанат Асайынова хабарлайды.

ОЖСБ білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі.

- ОЖСБ оқу жетістіктерін мониторингілеу мақсатында орта білім беру ұйымдарының 4, 9, 11-сыныптарында іріктеліп өткізіледі. Биыл біздің облыста оған 31 жалпы білім беретін мектептен 5303 оқушы қатысты, - деп хабарлайды Жанат Асайынова.

ОЖСБ қорытындысы бойынша біздің облыс республикада Алматы қаласынан кейін 9 және 11 сыныптар бойынша екінші, 4 сыныптар бойынша Алматы және Шығыс Қазақстан облысынан кейінгі үшінші орынды иеленді.

pavlodarnews.kz

Тэги: білім беру, мектеп, Павлодар облысы