Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

Бүгінде қарыз алушының қалауы бойынша тұрғын үй құнының 20%-нан артық соманы бастапқы жарна ретінде төлеуге рұқсат беріледі. Оның нәтижесінде негізгі борыш сомасы азайып, банктердің қарыз алушының төлем қабілеттілігіне қоятын талаптары төмендетіледі.

"Бұрынғы талап бойынша бекітілген бастапқы жарнаның тұрақты мөлшері қолында 20%-дан артық сомасы бар клиенттерге біраз қолайсыздықтар туғызғаны рас. Ал қазір азаматтар бастапқы жарнаны көбейту арқылы ипотеканы мақұлдау мүмкіндігін арттыра алады. Сонымен бірге, банктер үшін кредиттік тәуекелдер де төмендейді. «7-20-25» бағдарламасы уақыт талаптарына сай, қазақстандықтардың қалауын ескере отырып жаңаруда», - делінген хабарламада.

«7-20-25» бағдарламасына қатысушы банктер тиісті дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама аясында ЦентрКредит, Сбербанк, Халық банк, АТФ банк, Jýsan bank, Bank RBK, Еуразиялық банк және ForteBank сынды 8 қаржы ұйымы несие береді.

pavlodarnews.kz

Тэги: