Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының өкілдері хабарлады.

Дәстүрлі турнирге Қазақстанның барлық аймақтарынан 17 команда қатысты.

- Қаламыздағы отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері бірінші ойында Қарағанды командасын 36:26 есебімен ұтты, - деп хабарлайды облыстық білім беру басқармасының өкілдері. – Ақтық сында балаларымыз Екібастұз командасымен ойнады. Павлодар облысының қос ұжымы арасында өткен финалдық кездесуде павлодарлықтар 55:29 есебімен ұтты.

Айта кетейік, турнир кезінде спортшылар мен олардың жаттықтырушылары «Алтын Қарғалы» пансионатына орналасты, келушілердің орналасуы және демалуы үшін пансионатта тамаша жағдайлар жасалды.

pavlodarnews.kz

Тэги: баскетбол, білім беру, отбасылық үлгідегі балалар ауылы