Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

-  Кезекшілік бөліміне Толстой көшесі, 107 мекенжайы бойынша егде жастағы ер адам бірнеше күннен есік ашпағаны туралы хабарлама түскен, - дейді департаментте. - Сондай-ақ, Малайсары көшесі, 8 мекенжайы бойынша егде жастағы әйел есікті ашпай қойған. Оларға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Қайырбаев көшесі, 82 және Қамзин көшесі, 92 мекенжайы бойынша екі және бір жарым жасар балалар пәтерде жалғыз өздері есікті жауып алған. Балалар дін аман. Әрбір тіркелген жағдайда жедел құтқару жасағынан төрт адам мен бір техникадан шыққан.

Ленин кентінде Мақажанов көшесіндегі ашық аумақта үш шаршы метрде бензин төгіліп, толығымен 2005 жылғы Daewoo Matiz көлігі жанып кеткен. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

23 маусымда сағат 12.35-те Шарбақты ауданының «Шарбақты-Құс» ЖШС-нде құс фабрикасында құс ұстайтын қорада транспортерлік таспа тұтанған. Құстар зардап шекпеген. Тілсіз жаудың орын алуына электр қозғалтқыштың тұйықталуы себеп болған. Оқиға орнында сегіз адам мен екі техника жұмыс істеді.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам