Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев оқиға орнында болып, төтенше жағдай бойынша нақты тапсырмалар берді. Барлық тиісті шаралар ұйымдастырылуда. Арыс қаласының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Өкінішке қарай, екі адам - азаматтық тұлға және әскери қызметкер қаза тапты. Осы орайда, олардың туған-туыстарына көңіл айтамыз. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде», - деді Асқар Мамин бүгін өтіп жатқан Үкімет отырысында.

pavlodarnews.kz

Тэги: