Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Железин ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Руслан Жүсіпов үш кәмелетке толмаған балалардың анасын құтқарып қалған.

- Кезекті кезекшілік барысында сағат 22:42 шамасында учаскелік полиция инспекторы Руслан Жүсіповке кезекші бөлімінен Ертіс өзені жағасында әйел адамның беліне дейін суда тұрғаны жайлы хабарлама келіп түседі, - деді баспасөз қызметінде. – Ертіс өзені жағасына келіп жеткен 29-жасар учаскелік полиция инспекторы бір сәтте қарап тұрмастан суға еніп кетіп, әйел адамды шығарып алады. Өз өмірін қиғысы келген 37-жасар Железинка ауылының тұрғыны жұбайымен сөзге келіспей, суға бату жолымен қорқытпақшы болған.

Әйел адам медицина қызметкерлеріне тапсырылып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Әрі қарай аурухана психологтарымен кеңес өткізілді.

- Өмірін ажалдан арашалап қалған учаскелік полиция инспекторы Русланға үш баланың анасы алғысын білдірді. Полиция қызметкері оқиға орнына жедел түрде жетпеген жағдайда қайғының алдын алу мүмкін болмас еді, - деді департаментте.

Айта кетейік, полиция аға лейтенанты Руслан Жүсіпов ішкі істер органында 2016 жылдың тамыз айынан бастап қызмет етеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: Железин, ПД, оқиға, құтқару