«Сердца Павлодара» ҚҚ бірлесіп өткізген акцияға мектеп жанындағы «Күншуақ қаласы» лагерінің мұғалімдері, балалары, ата-аналар қатысты.

- 100 келіден астам жиналған арнайы азық «Сердца Павлодара» ҚҚ үйсіз жануарларды оңалту жөніндегі Павлодар орталығына жіберіледі, - дейді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова. - Үйсіз жануарлар мәселесі көптеген қалаларда шиеленіскен. Иттер мен мысықтарды бақылаусыз өсіру және жауапсыз ұстау ауқымды  түрге ие болды.

Экологтардың пікірінше, ең алдымен үйсіз жануарлар - иттер мен мысықтар заманауи мегаполистің экожүйесінің үйреншікті бөлігіне айналған. Қала тұрғындарының көпшілігі бақылаушылар позициясын  ұстанып отырған уақытта еріктілер мен экологиялық қозғалыстар белсенділерінің шағын топтары біздің әлемді сәл жақсырақ етуге тырысады.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім