Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысы статистика департаментінің басшысы Жеңіс Шақатов айтты.

- Олардың 1888-і ұл бала, 1772-сі қыз бала немесе 100 қыз балаға шаққанда 106 ұлдан келеді, - дейді Жеңіс Шақатов. - АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларын өңдеу нәтижелері бойынша 2018 жылы қаңтар-сәуір аралығында туған балалардың саны – 3762. Халықтың қалыптасқан табиғи өсімі 1128 адамды құрады.

Биылғы жылы төрт айдың ішінде 2532 адам дүниеден өткен. Қайтыс болғандардың ішінде ерлердің үлесі - 52%, әйелдер - 48%. Өлім себептерінің ішінде қан айналымы жүйесі ауруларынан көз жұму – 18,4%, жаңа өскіндер – 11,7%, тыныс алу органдары ауруларынан - 11% басым болып отыр.

2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында АХАТ органдары 1352 неке қию туралы және 972 некені бұзу туралы акт жазбаларын ұсынған. Неке қию 2,2% - ға, ажырасу 8,5%-ға азайды. 1000 неке қиюға 719 ажырасудан келеді.

Өз қарым-қатынасын тіркеген ең жас қалыңдық 16 жасында болған. Олардың саны – 5. Сондай-ақ, 1 бозбала 17 жасында күйеу жігіт атанған. Ең үлкен қалыңдық 74 жаста болса, ең үлкен күйеу жігіт 73 жаста.

2019 жылғы 1 мамырда Павлодар облысының халық саны 753587 адамды құраған. (2018 жылғы 1 мамырда – 754615). Қала халқы - 531758 (70,6%), ауыл халқы – 221829 (29,4%).


Ақбота Сейсенбаева

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам