Облыстық туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Марат Айдашевтің айтуына қарағанда, жарысқа кез келген адамға қатысуға болады.

- Қатысамын деушілер 18 жастан үлкен болуы керек, - дейді Марат Айдашев. – Жарысқа өздерімен бірге жеке куәлік, велосипед, кроссовки мен шлем ала келуі шарт. Барлық қатысушылар медальмен марапатталады.

Марат Айдашевтің айтуынша, жарысқа 300-дей қала тұрғыны мен қонағы қатысады деп жоспарлануда.

Елорда күніне арналған жарыс аясында спортшылар бес шақырым қашықтықты жүгіріп, 16 шақырымдық жолды велосипед жүріп өтуі тиіс.

«СпортМастер» дүкені үздіктерге өз сыйлықтарын ұсынады деп күтілуде.

Жарыс Торайғыров көшесі мен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының қиылысында 2019 жылы 30 маусымда таңғы 9.00-де басталады. Қатысушыларды тіркеу 7.00-8.00-ге дейін жүргізіледі.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: дуатлон, спорт, Марат Айдашев