Павлодар облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, оқиға өткен түнде орын алған.

- Сағат 01:58-де, Бейбітшілік көшесі, 40/1 мекенжайы бойынша автокөлік өртеніп жатқаны жөнінде хабар келіп түсті. Өрт сөндіру кезінде жеке құрамның алты адамы және бір техника жұмылдырылды. Сағат 02:10-да өрт оқшауланып, 02:25-те толық сөндірілді. 1992 жылы шығарылған Audi 100 S-4 көлігі толығымен жанып кетті. Жалын 4 шаршы метр аумақты шарпыған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ведомствода оқиғаның орын алу себебі анықталып жатқанын атап өтті.

Дулат Райымбек
Фото ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, көлік, оқиға, ТЖ, ПД