Бұл туралы Павлодар қаласының білім беру бөлімі мәлім етті.

- Қаламыздағы экология және туризм балалар-жасөспрімдер орталығының «Вертикаль», «Вершина», «Искра», «Пирамида», «Колибри» балалар-жасөспірімдер клубтарының тәрбиеленушілері табиғи бедерде спорттық құзға өрмелеу бойынша облыстық чемпионатқа қатысты, - деді білім беру бөлімінде. – Сайыстың мақсаты – салауатты өмір салтын және спорттық құзға өрмелеуді насихаттау, тау туризмімен айналысатын балаларды қолдау. Чемпионат шарты бойынша қатысушылар жартылай финалға қатысу үшін біліктілік іріктеуінен өтті.

Финалға 11-18 жастағы 50-ден астам ең мықты қатысушы, соның ішінде 30 павлодарлық тәрбиеленуші өтті. Жарыстар «Жылдамдық» тәртібінде жүргізілді. Қатысушылар құздың белгілі бір учаскесін айтарлықтай тез өтуге тиіс болды.

Финалдық тур нәтижелері бойынша Павлодар қаласының командасы жалпы есепте 2-орын алды. Жеке сынақта команда қоржынына «Вершина» клубының тәрбиеленушілері Альбина Ықыласова, Слава Шаерман 1-орынды жеңіп алды.

«Искра» клубының тәрбиеленушілері Милена Кривошеева 2-орын, София Панфилова 3-орын иеленді.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Баянауыл, құзға өрмелеу, балалар, жасөспірімдер, білім, сайыс