Соңғы жылдар ішінде еліміздің ең мықты футбол ұжымдары арасындағы кездесу Испаниядағы мадридтік «Реал» мен каталондық «Барселона» арасындағы кездесу секілді «Қазақстандық Эль-Класико» аталып кеткен.

Осы жолы да екі қарсылас арасындағы матч қызықты болмақ. «Астана» топ бастап келе жатса, «Қайрат» турнир кестесінің төртінші орнында келеді. Екі команда арасында 1-айналымдағы кездесу Алматыда өтіп, онда елордалықтар 1:0 есебімен жеңіске жеткен.

Болжамдарға сәйкес, аталған матчтың Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодарға көшірілуіне 29 маусымда «Астананың» алаңы – «Астана Аренада» қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің концерті себеп болған.

«Астана» - «Қайрат» матчы 30 маусым жексенбі күні сағат 20.00-де басталады. 

«Астана» ФК әкімшілігі бекіткендей, билеттер құны стадионның қай мінберлеріне де болмасын 700 теңге.

Айбек Жұматов

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: футбол, Премьер-Лига, КПЛ, Димаш Кудайберген