Облыстық әкімдікте өткен кездесуде қарапайым заттар экономикасы бойынша жобалар қаралды.

Кәсіпкерлік және сауда бөлімінің бастығы Жайық Хасановтың айтуынша, 7 жобаның 5-і қазірдің өзінде 632 млн теңгеге қаржыландырылған. Олардың бірі мал сатып алу, жабдықтар мен өндірістік орын сатып алуды жоспарлап отырған «Ертіс» шаруа қожалығы. «Маяк» шаруа қожалығы қойма нысандарына арналған климаттық жабдық сатып алуды және көкеніс өсіруді жоспарлауда. ЖК Кұсайынова сүт өнімдері үшін және сүт өнімдерінің сапасын бақылайтын құрал-жабдық алуды көздеген. «АС Логистик» ЖШС қойма нысанын алуды инвестицияласа, «Киреев» шаруа қожалығы ірі қара мал сатып алуды қалайды.



- Неліктен біздің фермерлеріміз «қарапайым заттар экономикасы» арқылы мал сатып алады?, - деп сұрады облыс әкімі Болат Бақауов. – Ол бағытта арнайы бағдарламалар бар екені белгілі. Бізде мал сатып алуға 15 жылға дейін несие беретін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша қаражатымыз бар. Ал, «қарапайым заттар экономикасы» бойынша несие ең көп дегенде 7 жылға беріледі. Агроөнеркәсіптік кешеннің барлық жобаларын жеке-жеке қарастырыңыздар. Қажет болған жағдайда кәсіпкерлерді олар үшін ең тиімді жолға бағыттаймыз.

Сонымен қатар, «қарапайым заттар экономикасы» бойынша қаржыландыру үшін 158,6 млрд теңгенің 5 жобасы банктердің қарауында жатыр. Олардың ең ірісі – «Нефтехим LTD» компаниясының басшылығынан түскен 158,2 млрд теңгелік жоба. Олар төмендетілген көмірсутегі мен газ өндіру бойынша кешен орнатуды жоспарлап отыр. Екінші деңгейдегі банктер жоғарғы бағасы үшін жобаны толық көлемде қаржыландыруға дайын емес. Дегенмен, Қазақстанның Даму Банкі қажетті қаржыны қамтамасыз ете алуы мүмкін. Бұл мәселе бойынша тез арада шешім қабылдауға уәде беруде.

Дулат Райымбек
Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, кәсіпкерлік, қарапайым заттар экономикасы, бизнес, экономика