Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде журналистер қауымына алғыс айтып, халық Арыстағы жағдайды тілшілер арқылы біліп отырғанын жеткізді.

"Халыққа ел ішіндегі оқиғалар жөнінде хабар таратып, шұғыл əрі шынайы ақпарат беру - сіздердің кәсіби еңбектеріңіздің арқасы. Елдің тұрғындарына Арыс қаласында болған төтенше жағдай жөнінде еліміздің түкпір-түкпіріне дер кезінде хабар тараттыңыздар. Бұл әрине барша халықтың жанына батқан оқиға болды. Осындай жауапты сəтте сіздер - отандық БАҚ өкілдері бүкіл Қазақстан халқына Арыстағы оқиға жайлы ақпаратты жоғары деңгейде жеткізе білдіңіздер. Барлық журналистерге алғысымды, ризашылығымды білдіремін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен салтанатты жиында.

Бұған қоса, президент қазіргі кезде әлеуметтік желінің рөлі де аса маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы өзі де әлеуметтік желіні жиі пайдаланатынын айтты.

Салтанатты жиын соңында Тоқаев үздік журналистерді марапаттады.

pavlodarnews.kz

Тэги: