Шараны ұйымдастырушылардың бірі, «Ахмат» спорт клубының президенті Сұлтан Ичиевтың айтуынша, турнир орталық жағажайда сағат 12:00-де басталады.

-    «Ертіс үшін қаһарлы күрес - 2» - бұл ашық қала турнирі. Сондықтан сағат 17:00-ге дейін  әуесқойлар арасында жарыс  өткіземіз. Оған 34 келі салмақта сегіз жастағы балалардан бастап орта буын өкілдеріне дейін қатыса алады. Ал, кешке шаршы алаңда  кәсіби спортшылар өнер көрсетеді. Барлығы 12 жекпе-жек ұйымдастырылады. Аралас жекпе-жек тарихында өзіндік орыны бар екі клуб өзара мықтыны анықтайды. Бұл қазақстандық «Ахмат» командасы мен Ресей және ТМД елдерінен құралған «Сібір» командасы, - деді Сұлтан Ичиев.

Айта кетерлігі, 27-тамызда октагонға шығатын спортшылардың бірі - Мария Агапова. Мария - Грозныйда өткен ММА аралас жекпе-жегінің чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық спортшы қыз. Павлодарлық арудың қарсыласы ресейлік спортшы болады деп күтілуде.

Бүгін Алматыдан Павлодарға «Ахматтың» намысын қорғайтын екі спорт шебері келді. Руслан Серікболов пен Руслан Аликеев соңғы жаттығу жұмыстарын қаламызда өткізеді.

-    Биылғы жекпе-жек өткен жылғыға қарағанда қызықты әрі жоғары деңгейде өтеді, - деді Сұлтан Ичиев.

Кештің арнайы қонақтары ретінде Street Workout бойынша Қазақстанның бас бапкері Айтым Жақыпов пен Bar-Bars клубының стритворкаутерлері шақырылды.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz