Ақтөбенің Қобыланды батыр стадионындағы матч Премьер-лиганың 16-туры аясында өтті. Ақтөбеліктер өз алаңдарында көптен бері жеңіске қол жеткізе алмай жүрген. Бұл мақсаттарын «Ertis» клубына қарсы ойында орындады.

Павлодарлық команда жуырда ғана қатарға қосқан бұрынғы қорғаушысы Милош Стаменковичты алғашқы минуттан ойынға қосты. Шабуыл шебін жас ойыншы Тимур Мульдинов бастады.

«Ertis» футболшылары матч басталғаннан қарсылас айып алаңына қарай шабуылдарды жиі ұйымдастыруға тырысты.

10-минутта Карлос Фонсеканың алға қарай шығып барып асырған пасын Тимур Мульдинов қақпаға енгізді.

68-минутта Асланбек Какимов павлодарлық қорғаушылардың арасынан соққы бағыттап қақпадан саңлау таба білді. Есеп – 1:1.

Ал, 83-минутта айып добын орындаған Виталий Волков қақпаны дәл көздеп, Антон Цириннің көз алдында гол салды.

«Ertis» ФК бас бапкері Милан Миланович бірінші таймда энергия болмағанын айтты.

- Бірінші таймда нашар ойнадық, - дейді бас бапкер. – Алайда, 1-0 есебімен басым болдық. Ақтөбе допқа иелік етті. Алғашқы таймда энергия жетпеді, ештеңе болмады. Екінші таймда жақсы ойнасақ та, қажетсіз екі гол жіберіп алдық. Не істегеніміз түсініксіз. Өзіміздің 100 пайыз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмаған соң, жазасын бірден тарттық. Сол себепті жеңілдік.

Айта кетейік, «Ertis» ФК маусымда 17 ойын өткізіп, 14 ұпай жинады. Турнир кестесінің 9 орынында тұрақтап қалды. «Ақтбеге» қарсы ойында 11-ші рет жеңілді.

Оразбек Саяхат
Фото: «Ertis» ФК

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, "Ertis", ФК, футбол, спорт