Еуропа чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Жерлестеріміз жүлде саны бойынша ресейліктерді ғана алдарына салды. Үздік үштікті Молдова құрамасы түйіндеді.

Айта кетейік, ұлттық құрама сапына облысымыздан 9 жасөспірім енген болатын.

Облыс намысын қорғаған спортшыларымыз түрлі дәрежедегі 23 медаль иеленді. Павлодарлық Балнұр Өркенова мен Мәдина Бушумбаева өз салмақтарында алтыннан алқа тағып, Еуропа чемпионы атанды.

- Бүгінгі таңда ғаламдық Таеквондо Федерациясы қарқынды дамуда. Соның айғағы – жыл санап бәсекелестік артып келеді. Әрине, қарсыластарымыз осал болған жоқ. Соған қарамастан Қазақстан құрамасы үздіктер қатарынан көріне білді,- дейді облыстық федерацияның президенті Кален Сұлтанғазин.

Еуропа біріншілігіне барлығы 26 мемлекеттен 600-ден астам спортшы қатысты.

Суреттер облыстық таеквондо федерациясынан алынды

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, таеквондо, спорт