Бұл туралы аппарат кеңесінде облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Бақыт Анисова айтты.

- Оның ішінде концерттік бағдарламалар, кітап және фото көрмелері, өлкетану сабақтары, музыкалық-әдеби кештер, балалардың сурет байқауы, деректі фильмдерді көрсету бар, - дейді Бақыт Анисова. - 3, 4, 7 шілде күндері Қуат Әбусейітов атындағы мәдени-ойын сауық орталығында балаларға арналған танымдық бағдарлама ұсынылады. 3-7 шілде аралығында Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханада кітап және фото көрмесі, Григорий Потанин өлкетану облыстық музейінде дәріс өтеді.

Басқарма басшысының айтуынша, 6 шілде күні орталық демалыс және мәдениет саябағында «Менің сүйікті елордам» концерттік бағдарламасы жоспарға енгізілген.

Ertis Promenade сахнасында қосымша LED экрандар мен сахналар орнатылады. Сағат 19.45-те үш адамнан тұратын ағайынды Жүгінісовтер тобы өнер көрсетеді. Рүстем, Мирас және Мұхаметали «Астана» хитін орындаушылар. Сағат 20.30-да жас әншілер Артур мен Раймның өнерін тамашалауға болады. Мерекелік шара би кешімен аяқталады.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, мәдениет