Бұл туралы Қазақстанның велосипед спорты федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

- Қазақстан Республикасының Спартакиадасы 4 жылда бір рет өтіп тұрады, - деді баспасөз қызметінде. – Биылғы спартакиадаға 150 спортшы қатысты. Спортшылар ерлер, әйелдер, жасөспірімдер және қыздар болып бөлінді. Жекелей сында ерлер 40 шақырым, әйелдер 25, жасөспірімдер 25, қыздар 20 шақырымға жарысты. Доданың 162 шақырымдық ең ұзын жолында ерлер топтық жарыстан сынға түсті.

Павлодар облысының шабандоздары жарысты алдыңғы топ сапында аяқтады.

Атап айтсақ, жарыс жолы 25 шақырымды құрайтын әйелдер арасында өткен жекелей жарыста 40:01 минут уақыт көрсеткішімен Рината Султанова 3-орынға ие болды.

Ал, жасөспірімдер арасындағы 25 шақырымдық жекелей сында 35:12 минут көрсеткен Ярослав Зинковский 2-орын еншіледі.

Өңіріміздің және «Astana Pro Team» командасының белді шабандозы Дмитрий Груздев 40 шақырымға созылған жекелей жарысты 51 минутта аяқтап күміс медальге қол жеткізді.

Сондай-ақ соңғы сайыс күні таңдаулы ерлер топтық жарыста бақ сынады. Дмитрий Груздев 162 шақырымды 3 сағат 32 минут 30 секундта жүріп өтіп күміс медаль иегері атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар облысы командалық есепте 3-орынға табан тіреді.

Оразбек Саяхат
Фото: cycling.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, велошабандоздар, вело спорт, спорт