Байқауға қатысушылар «Хореографиялық өнер» номинациясы бойынша 2 гран-при және бір І орынға ие болды.

Өзбек биін орындаушы Назар Фариза және «Калинка» ұлттық нақыштағы биін орындаған «Kids» би тобы Гран-при дипломанттары атанды. Бұл би тобы «Қарақшылар» биін орындағандары үшін І орынға ие болды. Топ құрамына Жетекші ЖОМ оқушылары Найман Аиша, Тоқтар Ділда, Назар Фариза кірді. Олардың барлығы «Эль би шеберханасы» би мектебінде жаттығады.

- Фариза Назар 5 жастан бастап бимен айналысады, - дейді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова. - Павлодар қаласындағы «Твой час» халықаралық конкурсының гран-при дипломанты, Алматы қаласындағы «Күншуақ» халықаралық фестиваль-конкурсының I орын дипломанты (2018 жыл), Нұр-Сұлтан қаласындағы «Аrt Premium» Халықаралық фестивалінің I дәрежелі лауреаты, Павлодар қаласындағы «Grand Musik» халықаралық конкурс-фестивалінің лауреаты (2019 жыл). 2017 жылы Нұр-сұлтан қаласында «Қазақстан раушандары» (Қазақстан, Ресей, Болгария) халықаралық шығармашылық жобасының қатысушысы болды.

Аиша Найман, Далди Тохтар би мектебінде осы жылдан бастап жаттығып келеді және Бурабайдағы жетістіктер олардың алдаға көптеген жетістіктерінің бастауы болып табылады. Хореографтар Құралай Байғожина мен Эльмира Рамазанова.

Фестивальді ұйымдастырушы - Pavlodar music studio. Фестивальға Қазақстанның барлық аймақтарынан 5 - 16 жас аралығындағы 200-ден астам биші, музыкант, әнші қатысты. 5 күндік сапарда оқушылар мен мұғалімдер Гүлназ Орынгазиева мен Роза Пішембаева фестивальдің барлық мәдени-сауық шараларына қатысып, Бурабай курортының көрікті жерлерін тамашалады.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім