- Қазақстанның Қызыл жарты айында «Донор өзінің сау және жас екеніне сенімді!» жобасын іске асыру және Жастар жылын өткізу аясында жас полицейлер акцияға ерікті түрде қатысуға ықылас білдірді. Полицейлер жыл сайын қан тапсыруға белсенді қатысады, себебі олар қан тапсыра отырып, мұқтаж жандарға өздерінің көмегі тиетінін біледі, - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде. 

Облыс аумағында перзентханаларда, жан сақтау және ота жасау бөлімдерінде үнемі қанның жетімсіздігі сезілуде. Аталмыш акция барысында полицейлер қан тапсыратын донорларға құрмет көрсете отырып, қоғамда донорлық мәселесін көтерді және адамдарды сауапты іс атқаруға шақырды.

Тәртіп сақышалыр түскі асқа алған ақшалай үстемақыларын қайырымдылық ретінде Қазақстан Қызыл жарты айының жинақтау қорына тапсырды.

Фото: ПД

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам