- Осы уақыт аралығында азық-түлік тауарлары бойынша көкөніске баға 13,1%-ға, нан өнімдері мен жармаға – 7,7%-ға, етке – 6%-ға, шұжықтар, ет өнімдерге – 5,3%-ға, алкогольсіз сусындарға – 4,7%-ға, алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдеріне – 3,6%-ға, сүт өнімдеріне – 2,8%-ға, кондитер өнімдеріне – 2,6%-ға өсуі байқалды. Сонымен қатар жұмыртқаға 12%-ға, қантқа – 0,3%-ға баға төмендеді, - дейді өңірлік статистика департаментінде.

Азық-түлік емес тауарлар нарығында фармацевтикалық өнімдердің бағасы – 4,8%а, жиһаз және үйге қажетті заттар – 4%, тұрмыстық құралдар – 2,5%, киім мен аяқ киім – 2,4%, жуғыш және тазалағыш заттар – 2%-ға өскені байқалды. Жанар-жағар май материалдарына 0,8%-ға арзандаған.

Ақылы қызметтер бойынша амбулаториялық қызметтерге – 4,9%-ға, қоғамдық тамақтандыру – 3,7%-ға, білім беру қызметтеріне – 3,5%-ға, көлік қызметтеріне – 0,2%-ға бағаның өсуі тіркелді. Ал, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тарифтер 7,1%-ға арзандады.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам