Жаңбыр, найзағай, екпінді жел, бұршақ және дауыл күтіледі. Оңтүстікте, батыста және шығыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, күндіз Ақмола облыстарының жекелеген аумақтарында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, күндіз Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Қарағанда облысының кей аумақтарында дауыл көтеріледі. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болжанады. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Қарағанды облысының басым бөлігінде күндіз қатты ыстық күтіледі. Сондай-ақ Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым аумағында жоғары өрт қаупі сақталады.

pavlodarnews.kz

Тэги: