Ішкі саясат бөлімінің маманы Аманжол Еренұлы хабарлағандай, үш және төрт бөлмелі тұрғын үйлер бюджеттен бөлінген қаржыға сатып алынған. 

- Менің 7 балам бар, - дейді көп балалы ана Алтынгүл Тоқтаған. - Кішісі екі жарымда, үлкені 16 жаста. Жолдасым күзетші болып жұмыс істейді. Отбасымызбен Ақмола облысынан көшіп келген едік. Бұған дейін үйді жалдап тұрдық. Енді міне, мереке қарсаңында баспанаға қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз. Елімізде әрқашан тыныштық пене береке-бірлік болсын!

Бес баласы бар жалғызбасты ана Гулжазира Өлмесекова да баспаналы болғаны үшін ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, Жаңатаң ауылында жеке бизнесін дамытуды қолға алған көп балалы ана Зайнагүл Казиханова дүкен ашты.

Айта кетерлігі, бұған дейін биылғы жылы екі тұрғын үй қолданысқа енгізілген. Тамыз айында тағы бір үй тапсыру жоспарланып отыр.

Фото: Аманжол Еренұлы

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам