Жаз бойы сенбі және жексенбі күндері  этномәдени бірлестік өзінің мәдениеті мен шығармашылығы, әдет-ғұрпы туралы баяндайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы саябағына фин-угор орталығы өздерінің бағдарламасын ұсынды. 

-  Марица, мордва, эстон, удмурт және тағы басқа 300-ден астам адам бірлестікке кіреді, -  дейді бірлестік жетекшісі Ольга Николашина. - Облыс бойынша Успен және Тереңкөл аудандарындағы филиалдармен бірге фин-угор этномәдени бірлестігі өкілдерінің саны 2000-нан астам. Фин-угор халқына 29 ұлт пен ұлыс өкілдері жатады. Ақсу қаласынан биыл 35 жылдық мерейтойын атап өткен орыс әндері хоры келді. 

Шара барысында тұрғындарға сәбіз, қызылша, картоп, саңырауқұлақ қосылған бәліштер мен мордва квасы ұсынылды.

Астананың туған күніне фин жүрісін жақсы көретін жеті зейнеткер өзінің марш-лақтырысын арнады. Олар жағалаудан бастап, өзен порты арқылы қалалық саябаққа жетті. Павлодар әкімдігі «Денсаулыққа жол» скандинав жүрісі студиясының жетекшісі Татьяна Щетининаны Құрмет грамотасымен марапаттады.

 72 жастағы Наталья Перепелица Сарапул удмуртск қаласында дүниеге келген, тың игеру толқынында 60-шы жылдары анасымен бірге Павлодар қаласына қоныс аударған. Павлодарда мектепті, институтты бітіріп, тұрмыс құрған. Биыл жолдасымен бірге «алтын» тойларын атап өтеді.

- Удмурт костюмдері торлы матадан тігіледі, - дейді ол. – Әйелдер монистонын мойынына киеді, онымен бас киімін де безендіре алады. Алжапқыш - костюмнің міндетті атрибуты, кейбіреуі екі алжапқыш киеді.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Роза Мұстафина



 

pavlodarnews.kz

Тэги: общество, День столицы, Павлодарская область