Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі мәлім етті.

- «Жасыл ел» жобасының жаңа еңбек маусымында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде студенттер қатарынан 66 жас жұмыспен қамтылды, - деді баспасөз қызметінде. – Сарбаздар жұмыстарын бастап кетті. Отряд белсенділері университеттің және «Баянтау» спорттық-сауықтыру лагерінің аумағын абаттандырып жатыр.



Айта кетейік, былтырғы жылы студенттік құрылыс отрядының жұмысына 13 адам тартылған болатын. Сонымен қатар, 2018 жылы жалақы 60 мың теңгені құраған болса, биыл сарбаздардың санынан бөлек жалақылары 96 мың теңгеге жетті.

Жалақы мемлекеттік университет пен Павлодар облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарма тарапынан төленеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, ПМУ, Жасыл ел