Домбыра күнінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының аналар кеңесі мен жастар қанатының мүшелері жаңа туылған нәрестенің ата-анасына ұлттық аспапты тарту етті.



Домбыра күнінде дүниеге келген ұлдың есімін Тамерлан деп қойған.



- Мен бұл домбыраның Тамерлан үшін бақыттың нышаны болатынына сенімдімін. Ол өз елінің патриоты және лайықты азаматы болсын. Халық мақтанатын ұл болуына тілектеспін!, - деді ҚХА төрағасының орынбасары Мария Байрамқұлова.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Домбыра күні