Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Баянауыл ауданының тұрғыны Күркелі ауылдық округіне қарасты Желтау бөлімшесінің маңында еркін жайылып жүрген жылқысының жоғалғаны жөнінде хабарлаған, - деді баспасөз қызметінде. – Аттың иесі жануардың құны 300 мың теңгеге жуықтайтынын жеткізді. Аудан полицейлеріне мал ұрлаушыны ұстау үшін 120 минут жеткілікті болды.

Іздеу шараларының нәтижесінде полицейлер 36 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Күдікті зардап шегушінің көршісі болып шыққан. Ұсталушының айтуынша, жылқыны сатпақ болған.

Қазіргі уақытта тұлпар иесіне қайтарылған. Ұсталушыға қатысты ҚР ҚК 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дулат Райымбек
Фото: egemen.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Баянауыл, ПД