Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті.

- Lifan автокөлігінің 1946 жылғы жүргізушісі Mercedes-Benz жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлады ведомствода. - ЖКО нәтижесінде алған жарақатынан 1986 және 1991 жылы туған екі ағайынды қайтыс болды. Олардың бірі ЖКО орнында, екіншісі ауруханаға барар жолда көз жұмды.

Полиция департаменті хабарлағандай, үшінші жаяу жүргінші – қайтыс болған ағайындының 1955 жылғы әкесі  түрлі жарақаттармен №1 қалалық ауруханаға жатқызылған.

- Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі (көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп нақтылады департаментте. - Жүргізушіден қаладан шықпау туралы қолхат алынды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

 

Томирис Бекжан

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам