Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Сағат 11.10-де 15 шаршы метрде үй жиһаздары жанған, - дейді департаментте. - Өрт сөндірушілер келгенге дейін пәтер жалдап тұратын ер адам бесінші қабаттың балконынан секіріп кеткен. 1975 жылғы тұрғын түрлі жарақаттармен облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Өрт сөндірушілердің сүйемелдеуімен 7 адам сыртқа шығарылды. Қалған 29 адам өздігінен шықты. Оның бесеуі – бала. Өрт сағат 11.30-да сөндірілді. Оқиға орнында № 4, № 1 өрт сөндіру бөлімдері жұмыс істеді.

Екібастұзда Привокзальная көшесі, 16 мекенжайы бойынша орналасқан ЖШС-нде 60 шаршы метр аумақта ағаш тұғырықтар мен Mercedes-Benz көлігінің алдыңғы бампері мен екі дөңгелегі жанған. Газ-түтіннен қорғау қызметі 15 минут жұмыс істеді. Өрттің шығуына ашық аумақта жанатын материалдарды жинау себеп болған. Тілсіз жауды № 2 ӨБ-нен 8 адам мен екі автоцистерна, № 6 ӨБ-ден төрт адам мен бір техника сөндірді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған.

Сондай-ақ, Павлодарское ауылында ашық аумақта 90 жылғы BMW отқа оранған. Алдын ала болжам бойынша, көлік электр сымдарының тұйықталуы салдарынан өртенген.  Қызыл жалынды ауыздықтауға №1 өрт сөндіру бөлімінен 4 адам мен бір автоцистерна жұмылдырылды.


Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам