Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Сағат 18.00-де «112» нөміріне хабарлама келіп түсті, - дейді департаментте. - Жедел құтқару жасағынан 1966 жылғы ер адамды құтқаруға бір адам мен бір техника, аудандық ТЖ бөлімінен бір адам жұмылдырылды. Оң жақ аяғы сынған азамат Баянауыл ауылының аудандық ауруханасына жеткізілді.

Баянауыл аудандық ТЖ бөлімі, азаматтық қорғаныс полковнигі Данияр Тоқатовтың айтуынша, Новосібірден келген турист тауда әйелімен серуендеп жүрген.

- Таудың биіктігі 130 метр. Суретке түсіріп жүрген кезде екі метрден құлап, аяғын сындырып алған. Әйелі туристік базаға жүгіріп, нұсқаушыға хабарлаған. Оқиға орнына дереу жеткен жедел жәрдем мен құтқарушылар көмек көрсетті, - дейді Данияр Тоқатов.

Сондай-ақ, кеше, 10 шілде күні Тереңкөл ауданының Тереңкөл ауылында Ертіс өзенінде шамамен сағат 18.30-да 1948 жылғы ер адам суға батып кеткен. Ол шомылуға арналмаған орында суға түскен. Департаменттің жедел құтқару жасағы сағат кешкі жетіге қарай денесін жағаға алып шықты.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: el.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға