Жүгіру Торайғыров көшесінен басталды, Торайғыров көшесінен Кутузов көшесіне бұрылып, орамды жолға дейін жетеді, мұнда велосипедтерге отырып, әуежайға дейін және қайтадан Кутузов көшесі бойынша орналасқан Ж. Аймауытов атындағы театрға дейін жүріп өтеді. Бүкіл бағдар бойына Баян Батыр, С. Торайғыров, Ш. Уәлиханов және Г. Потаниннің ескерткіші, мемлекеттік рәміздер алаңы, Малайсары Батыр мен Ж. Аймауытов секілді мәдени ескеркіштер және қаланың белгілі жерлері орналасқан.   Айта кетерлігі, дуатлонға облыстың әйгілі спортшылары, қала мен аудан өкілдері қатысады. Олардың арасында велосипедпен Мәскеуге, Моңғолияға және Қытайға барған, Ертіс өзенін 70 шақырым қашықтықта жүзіп өткен Өміржан Ошанов, шаңғы жарысы бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі Олимпиада ойындарының қатысушысы Денис Кривушкин, шаңғы жарысы бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері, әлем Чемпионатының қола жүлдегері Александр Кустов және  шаңғы жарысы және жеңіл атлетика бойынша ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионы Майса Ескендірова бар.

pavlodarnews.kz